Келісемін:                                                              Бекітемін:
Еңбекшіқазақ ауданы                                              Еңбекшіқазақ ауданының
Әкімінің  орынбасары                                             бас       дәрігері
Б.Т.Ахметов                                                           Б.Р.Балакойшиев   

Ауданның   денсаулық сақтау мекемелерінің  халыққа   көрсететін   медициналық    қызметтің  жүйелі түрде   ұйымдастырып  және    басқарып  отыру  үшін,  мына    төмендегі  қызметкерлерден Аудандық медициналық  кеңестің  құрамын: 

Бекітемін:

Медициналық кеңеске  мүшелікке 15 адам    кіргізілсін.

1.Б.Р.Балакойшиев            медициналық кеңестің   төрағасы.
2. Д.А.Айтжанов               бас дәрігердің   халыққа   медициналық   қызметтің сапасын бақылау  ісі  жөніндегі    орынбасары.
3.Г.С.Кураметова              бас   дәрігердің  емдеу  ісі   жөніндегі  орынбасары.
4. А.Б. Манапова               бас дәрігердің емхана  ісі жөніндегі орынбасары.
5.Г.Н.Кокибасова              бас педиатр.
6. Г.С.Мамырбаева            Есік перзентханасының   бас   дәрігері
7.Ә.А. Смагулов                Аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқарма  басшысы
8. Ж.Н. Желеуов               Шелек ауруханасының   бас дәрігері.
9.М.А.Абдуллаев               Бас инфекционист
10. Р.З. Зайнуддинов         Шелек   туберкулез аурулар   ауруханасының бас  дәрігері.
11.А.М.Хачикян                 бас хирург.
12. Н.А.Пыцкая                  бас   фтизиатр
13. З.И.Лукьянченко          Балтабай дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері
14. А.О.Жолдасбаева         Медициналық  кеңестің   хатшысы.
15. Т.Т.Ахметова               Әдістемелік-ұйымдастыру бөлімінің менгерушісі 

Еңбекшіқазақ   ауданының денсаулық  сауқтау
бөлімінің  медициналық кеңесінің
«03» наурыз  2016 жылғы   жиналысының

Күн тәртібінде:
Қаралатын мәселе екеу

  1. Еңбекшіқазақ  ауданының   денсаулық   сақтау    мекемелерінің  2015 жылы   атқарған   жұмыстарының  қорытындысы және 2016 жылғы жоспарлар. 

2. Медициналық   кеңестің    мүшелерін бекіту    туралы. 

Мынадай регламент ұсынылады: 

Баяндамаға 30 минут.
Сөз Д.А.Айтжановқа беріледі 

Талқылау сөзге-3-5 минут. 

Жарыс   сөзге   сөйлесетіндер: 

  1. А.Смагулов аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқарма  басшысы
  2. Мамырбаева Г.С.     Есік   перзентханасының   бас  дәрігері.
  3. Желеуов  Ж.Н:    Шелек   ауруханасының  бас   дәрігері.
  4. Кокибасова   Г.Н.   Бас  педиатр.
  5. Пыцкая Н.А.    бас фтизиатр. 

Аудандық медициналық   кеңестің
Шешімі

                       Есік   қаласы                                         № ___ «___» наурыз  2016ж.

Еңбекшіқазақ   ауданының    денсаулық  сақтау    бөлімінің 2015 жылы    атқарған    іс-шаралараның   орындауы    туралы. Медициналық    кеңестің    төрағасы Б.Р. Балақойшиевтың   басқарумен, бас  манадармен   емдеу   мекемелерінің  басшыларының  және    медициналық   кеңестің   мүшелерінің   қатысуымен  2015 жылы    атқарған  жұмыстардың қортындысын   талқылай  келе  біраз жетістікке қол жеткізгеніміз      байқалады.

Денсаулық    сақтау    мекемелерінің   2015 жылғы    көрсеткіштері  2014   жыл    мен   салыстырғанда жаман емес.  Мысалы, туу көрсеткіші былтырмен    салыстырғанда  бір қалыпта,   әлеуметтік    маңызы    бар   аурулармен;   туберкулез ауруы   мен  халықтың    аурушаңдығы  58,7 –ден 49,1 –ге   кеміді,    сары   аурумен    аурушаңдығы   8,1-ден 2015 жылы 4,5-ге    төмендеді.

2015  жылы    жас    нәрестелер   өлімі  2014 жылмен    салыстырғанда бір қалыпты (2014ж.- 7,8 / 2015ж.- 7,8)  

Жоғарыда   аталған    жетістіктер   мен    кемшіліктерді    ескере   отырып,  медициналық    кеңестің    

ШЕШІМІ:

  1. Денсаулық    сақтау    мекемелерінің  2015  жылы   атқарған жұмыстары  қанағаттарлық   деп танылсын.
  2. Барлық    денсаулық   сақтау   мекемелерінің  басшыларына;

Ана   мен  бала,    маңызы   бар  аурулардың   таралуына   қарсы  күрестің  алдын   алу    іс-шараларының   орындалуына   бақылау    күшейтілсін.
4.Халыққа   көрсетілген   медициналық   қызметтің   сапасы   мен  мәдениетін    арттыруға  бағытталған   іс-шаралардың  орындалуы  қадағалансын.
5. Тұрғындар   арасында   салауатты   өмір   салтын,  санитарлық    ағарту жұмыстарын   насихаттауды    белсенді    түрде    жүргізілсін.
6. Халықты    тегін    дәрі-дәрімекпен    қамтамасыз    етуді, жаңа    алынған  медициналық    құралдарды  толқанды  жұмыс   істеуіне   бақылау  күшейтілсін.
7. 2016-2020жж. арналған «Денсаулық» Мемлекеттік Бағдарламасын  орындауға  барлық   медицина   мекемелерінде    қолдау   көрсетілсін.
8. Әр  ауылда    санитарлық  тазалық     айлықтары   ұйымдастыруға    атсалыссын.

              Медициналық    кеңестің   төрағасы                                      Б.Р.Балақойшиев.

Еңбекшіқазақ ауданы денсаулық сақтау саласы  қызметінің медициналық кеңесіне 2015ж. 12 ай нәтижелері туралы есеп
Еңбекшіқазақ ауданы 2015 жылғы
және  2016 жылындағы міндеттері.
Құрметті әріптестер!

Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауында денсаулық саласындағы ең негізгі басымдылық – алғашқы медициналық санитарлық көмекті дамыту  деп аталған.

Денсаулық саласының негізгі міндеті – адам денсаулығын жақсартуға мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы жауапкершілікті болу керек.      

Аурудың алдын- алу жолында спортпен  шұғылдану, дұрыс тамақтану, профилактикалық тексерулер өткізу негізгі міндет болу қажет.   

Орталық аудандық аурухана тарапынан  медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін мақсатты жұмыс жүргізуде. 

Аудан халқына медициналық көмек 1 орталық аудандық аурухана, 1 аудандық аурухана, 38 дәрігерлік амбулатория, 25 ФАП, 14 медпункт 1 туберкулездік аурухана, 1 перзентхана және  1 сәбилер үйімен қамтамасыз етіледі. 

Қазіргі уақытта, ауданымызда медициналық мекемелердің саны 109 ұйымды құрайды, оның ішінде 83- Денсаулық сақтау жүйесінде (мемлекеттік), және - 26 жекеменшік.

Медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен 100% жабдықталған оның ішінде  ескіргені 20%.

Барлық ұйымдар телефонмен қамтамасыз етілген.

Денсаулық сақтау саласын  жалпы қаржыландыру жыл сайын өсуде. 2014 жылы 4087,5 млрд тенге ал 2015ж. 4696,0 млрд. тг. құрады. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда қаржыландыру 14% өскені байқалды. 

Туу көрсеткіші 2015 жылы 1000 балаға шаққанда 21,9 құрады, ал 2014 жылы 1000 балаға шаққанда 24,4  болды, яғни 10,2%-ға азайды. (Облыс көрсеткіші - 25,3).  

Халықтың өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 6,1 құрады, 2014 жылы -6,3 болып 3% төмендеді.  (Облыс көрсеткіші-7,1)

Табиғи өсім көрсеткіші 18,2 құрады, (2014 жылы-15,9) (Облыс көрсеткіші-18,2)

Нәрестелер өлімі әрбір 1000 балаға шаққанда 2014ж. 7,8  және    2015 жылы 7,8 болып бір денгейде қалды. (Облыс көрсеткіші-7,8)

Осыған қарамастан кейбір ауылдарда нәрестелер өлімі жоғары, мысалы, Шелек  ауылында 11,1, Байдыбек би -11,9, Қаражота-12,1, Қазақстан -14,5, Тескенсу-14,9, Бөлек-16,9, Қызылжар- 18,4, Байтерек -21,0, Өрікті-23,5, Қаратұрық- 25,2, Қызылшарық-27,2, Бижанова-44,4.  

Ауданымызда  өмір сүру ұзақтығы 70,0 жас болды, және Облыс көрсеткіші- ​​70 жас.
2015 жылдың ауданымызда төсек-орын саны 665 құрап, 10 мың адамға шаққанда көрсеткіш 23,10  болды. 2014ж. - 23,8 болған (Облыс – 45,7). Ескерту ауданымызда 2014 жылдың аяғында Туберкулездік аурухананың төсек орны 50-ден 40-қа кеміген болатын.   

2015 жылы аудан ауруханаларында 37345 науқас ем алды. (2014 жылы - 26586   немесе 10759 науқасқа көбейді).    

2015 жылы күндізгі стационарда 190 күндізгі төсекте 7119 науқас ем алды  (ал 2014ж.-  164 төсек орында  - 9887 науқас ем алды, 2768 науқасқа азайған).   

Өмір ұзақтығы көрсеткішін 2016 жылы 71,8 жасқа дейін ұзарту үшін ана мен бала өлімін, жүрек және қан тамырлар ауруларынан өлімді,  қатерлі ісік және травматизмден өлімді азайтуымыз қажет.

Бүгінгі күні ауданымызда  тиімді кардиологиялық және кардиохирургиялық қызмет көрсетілуде.

2015 жылы жоспарлы коронарографияға 143 науқас жыберіліп оның 93 стенттеу, 22 науқасқа  аортокоронарлық шунт жасалынған.

Уақытында жүргізілген тромболитикалық терапия қан айналымы жүйесінің ауруынан өлім-жітімді азайтудың бір механизымы  болып табылады.

Осы мақсатта 2015 жылы Республикалық бюджеттен тромболизистік дәрі-дәрмек актилизе алуға  11,3    млн.тенге бөлінген.

Ауруханада жасалған  тромболизиске   қатысты бүкіл аумақтағы ауруханаға дейінгі тромболизис 67 % -ды құрады.

Жүрек-қан тамырлар ауруы көрсеткіші 2015 жылы  6,1% азайды. Ауру көрсеткіші 1080,8 ден 1014,3-ке азайды. (Облыс – 1710,1). Сондай ақ жүрек-қан тамырлар ауруынан өлім көрсеткіші 137,4-ен 129,4 ке немесе 5,8% азайды. (Облыс – 167,2).  

Жүрек-қан тамырлар ауруларын ерте анықтау бойынша 2015 жылы 27899 адам қаралды, (немесе жоспарланған контингентінің 100%) оның ішінде 1924 науқас  анықталды немесе 7%.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде туберкулез ауруының эпидемиологиялық жағдайын  тұрақтандыруға қол жеткіздік.

Туберкулез ауруының көрсеткіші 2015 жылы  16 % азайды. Ауру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 58,7-ден 49,1-ге азайды. (Облыс -53,2 )

Осыған қарамастан кейбір ауылдарда туберкулез ауруы жоғары, мысалы: Алға ауылында -49,8, Ақбастау-49,9 Нурлы- 50,0, Ащыбұлақ- 50,7, Қызылшарық-57,1, Қаражота -58,9, Қызылжар -61,5, Байтерек-64,0,  Саймасай-65,9, Нура-79,9,  Асысаға-99,9, Қайрат-153,6.  

Туберкулезден өлім көрсеткіші 2015 жылы  100 мың адамға шаққанда 2,2-ге  азайды.  2014ж.  - 2,8. Немесе 21% азайды.( Облыс көрсеткіші – 1,6)    

Гепатит ауруы  көрсеткіші 2015 жылы  100 мың адамға шаққанда 4,5-ке  азайды.  2014ж.  – 8,1. Немесе 44% азайды. ( Облыс көрсеткіші – 5,0)    

Бруцеллез ауруы көрсеткіші 2015 жылы  100 мың адамға шаққанда 18,2-ге  азайды.  2014ж.  – 18,6. Немесе 2% азайды. ( Облыс көрсеткіші – 12,0)   

Кезең-кезеңмен қысқарту түрлендіру  және төсек санын оңтайландыру мақсатында, Шелек ауылының Туберкулезді  ауруханасында 10 төсек орынға  қысқарды.

2012-2016жж. арналған Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытуды іске асыру Бағдарламасы  бойынша  жұмыс жүргізілуде. (бұдан әрі - Бағдарлама) 
2015 жылы 100 мың адамға шаққанда қатерлі ісік   ауру көрсеткіші 156,2 құрап, 9,2%-ға өсті, дер кезінде анықтаудың деңгейін жақсарту арқылы өсім байқалады 2014 жылы 141,7. ( Облыс көрсеткіші– 213,9

Қазақстан Республикасы онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы шеңберінде 2012 - 2016 жылдарға арналған сүт безі қатерлі ісігінің ( сүт безі обыры), жатыр мойны ( мойны ісігі) , ащ және тоқ ішектің обырын ерте анықтау үшін скринингтік тексеру жургізілді.  

Жатыр мойны обырын ерте анықтауға 6289  әйел тексерілуге  тиіс, оның 6289 тексеруден өтті,   275 науқас анықталды, Анықталған әйелдердің (275 ) 100 % диспансерлік есепке қойылып емдерін алуда. Ауданымызда  мақсатты топты қамту 100 % -ды құрады.

Сүт безі обырын ерте анықтау үшін 6474 әйел қаралуға тиiс оның 6474 осы скринингтен өтіп 647 науқас анықталды, олардың диспансерлік тіркеуге 626 немесе 96,7%  алынды,  аудан бойынша скринингпен қамту  бойынша көрсеткіш 100 % -ды құрады.

Ащ және тоқ ішектің қатерлі ісік алды аурулар мен қатерлі ісіктерді ерте анықтау үшін 12400 адам тексеруден өту қажет, оның ішінде гемокультестен ерлер мен әйелдер тексеруден өтті. Барлығы 252 науқастан диспансерлік тіркеуге 92,4% (233 адам) алынды, оның ішінде 7 науқаста қатерлі ісік ауруы анықталды, ауданымызда осы скрининг бойынша  қамтылу 100%  құрады.

2015 жылы скринингтік тексеру бойынша қатерлі ісіктердің ерте сатысында ( I-II сатысында) пайыздың азаюы байқалады.

Онкологиядан өлім көрсеткіші 2015 жылы 100 мың адамға шаққанда 48,6 құрады.  2014ж. - 46,5 (Облыс - 73,3)

   Онкологиядан өлім-жітімнің жоғарылау  себебі кеш анықтау, емді кешіктіру, профилактикалық және скринигтік тексерулердің  сапасы жеткіліксіз болуы, халықтың денсаулық сауаттылығының деңгейі төмен болып табылады.

Қатерлі ісіктен бес жылдан астам өмір сүру көрсеткіші 2015 жылы  2014 жылмен салыстырғанда 3,6% көбейіп 49,8 құрады (2014ж.-48).  Облыс көрсеткіші-46,6 

Мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттарының бірі, сондай-ақ Жол  жарақаттары мен  өлімді   төмендету болып табылады.
Науқастарға дер кезінде  медициналық көмек көрсету үшін, жол-көлік оқиғалары мен жарақаттанудан болатын өлім-жітімді төмендетуге арналған осы жылы төтенше жағдай тарапынан  «Шелек» Еңбекшіқазақ ауданы 87 км-нде  Алматы – Кокпек- Крктал трансконтинентальдік автокөлік жолы  «Батыс Европа – Батыс Қытай» алтыншы трассааралық медициналық  пунктін ашу қажет.

2015 жылы жарақаттан және уланудан өлім себептерінің құрылымы 1 мың адамға шаққанда  0,7 құрады. (2014ж.- 0,6). 

Травматикалық ауруларда жарақаттың  жедел кезеңінде  («алтын сағат» ережесін), ұстанып науқастардың емдеу нәтижелерін айтарлықтай жақсарту үшін үздіксіз білімімізді жетілдіруіміз қажет.    

Қазіргі танда ауданымызда шалғай ауылдардағы тұрғындарды медицианалық көмекпен қамтамасыз ету үшін жылжымалы медициналық кешен қызмет жасайды. 2015 жылы (75) 100 астам ауылды аралап 123535 адам қаралып, 30732 диагностикалық зерттеу жургізілді.

Ауданымызда сапалы және жоғары мамандырылған медициналық көмекті  шалғай ауылдарға жақындату бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде.  Тұрғындарға  консультативтік – диагнстикалық көмекті жақындату мақсатында, орталық ауруханада телемедицина қызметі ұйымдастырылған. Қажет және жедел көмек керек болғанда осы телемедицинаны кеңінен қолдануға болады. Осы тәсілмен 49 ауру медицианлық кеңес көмегін алды. (2014ж.- 80).

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек модулін ұйымдастыру  жұмыстарын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Учаскелік  терапевт пен педиатр дәрігерлеріне созылмалы аурулары бар науқастарға патронаж жасау үшін екінші медбике беріліп, дәрігерді үйге шақырғанда оған көмекші болып, ВОП дәрігерлеріне үшінші  медбике беріліп скринингтік тексеру және скринингтік мақсатты топтарды ұйымдастыруға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға дәрігерге көмекші болып енгізілуде.

2010 жылдан бастап, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі ( БҰДЖ бұдан әрі ) енгізілді. Онда дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдау мүмкіншілігі пайда болды. Науқастарды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу, емдеуге жатқызу тәртібі қысқарды.

БҰДЖ-ің маңызды элементі бастапқы медициналық-санитарлық көмек болып табылады. Профилактикалық жұмысты жетілдіру үшін БМСК-ке екі компоненттік жан басына шаққандағы норматив енгізілді.

Профилактикалық бағдарды  насихаттау үшін, сондай-ақ медқызметкерлердің ынтасын арттыруға және  медициналық көмектің  түрін кенейтіп оның сапасын көтеруге бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде,  медқызметкерлерді ынталандыру мақсатында істелінген жұмыстары мен қолжеткізген индикаторларына сәйкес қосымша жалақы төленуде.

2014 жылы жан басына шаққандағы ынталандыру үшін компонент (СКПН) 290,3 млн теңге бөлінді, ал 2015 жылы қаржыландыру 15%  өсіп 341,6  млн. тенге құрады. Қосымша жоспардан тыс 42,2 млн.тг. қаражат игерілді.

Қазіргі танда  дәрігерлердің орташа  жалақысы СКПН-мен қосқанда 176380  теңге, болып табылады. 

Денсаулық сақтау ұйымдарында 82 терапевтік 71 педиатриялық  32 ВОП участіктер ауданданымызда жұмыс істейді. Учаскелік желісінің тұрақты бірлік 182,5 оның ішінде ВОП-дәрігері 35, терапевтер-79,  педиатрлар-68,5 болып табылады.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек тиімділігін арттыру үшін 2011ж., медициналық ұйымдарда әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар енгізілді.
2014 жылдың соңында бірлік саны бойынша  23,25 психолог пен 31,0 әлеуметтік қызметкерлер бар.

Қазіргі танда  ауданымызда 476 дәрігер және 1414 орта бұын қызметкерлері бар. Дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 16,4  (Облыс-24,1), орта бұын қызметкерлерімен қамтамасыз етілуі 48,8  (Облыс-67,9).  

98-ден астам дәрігерлер ғылыми-зерттеу орталықтарында және оқу институттарында білімдерін арттырып, жыл сайын, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Шет елдердің клиникаларында  және әлемдік стандартқа сай қазіргі заманауи медициналық жабдықтармен диагностика жүргізу, хирургиялық ота жасау және басқару әдістерін меңгерген 3 дәрігер оқытылды.

2015 жылы Ащыбулак ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы жергілікті бюджеттен жалпы соммасы 135,4 млн. теңге бөлініп  салынды. 

Қадірлі әріптестер!

Бүгінгі күні, 2030 жылға дейін БМСК концепциясын модернизацияландыру талқылануда, оның маңызды мақсаты  медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін арттыру үшін БМСК жүйесін модернизациялап тиісті шаралар әзірлеп халықаралық стандарттарға сай қылу және БМСК жүйесін халық қажеттілігіне  тиімді ұйымдастыру.

Осы тұжырымдаманың нятижесін ескере отырып,  іске асыру үшін, біз 2016 жылы іске асырылатын, келесі міндеттер тұр :

  1. Барлығын қамтитын көпбейінді БМСК қамтамасыз ету оның құрамында мультидисциплинарлы команда құрып адам баласы туылғаннан өлгенге дейін медициналық мекемеде науқасты бақылануын қамтамасыз ету және жалпы денсаулық сақтау шығыстардың  60,0 % -ға дейін бастапқы медициналық-санитарлық көмекке ұлғайтуымыз қажет.
  2. Қоғамдық денсаулық сақтауды одан әрі нығайту, ана мен бала өлімін төмендету, әлеуметтік маңызы бар аурулардан сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайту.
  3. Денсаулықты қалпына келтіру,  және денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік  шаралар арқылы оны қамтамасыз етіп,  өмір сүру сапасына халықтың денсаулыққа қажеттілігін арттыру.
  4. Жалпы денсаулық сақтау жүйесінің озық технологиялық медициналық көмектің инновациялық жобалары мен трансферттерін жүзеге асыру
  5. Амбулаториялық хирургия мен неонатальдық  хирургияны  дамыту.
  6. Медициналық мекемелерде Call- орталықтарының жұмысын жетілдіру   ішкі аудит қызметін одан әрі дамыту арқылы сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету.
  7. Әрбір аймақта кадр саясатын жетілдіру, ауыл  әкімдерімен бірлесіп тиімді іс-шаралар қабылдап медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету.
  8. Қоғамдық-ағарту жұмыстарын белсенді жалғастыру және дәрі-дәрмек  туралы қоғамдық-ағарту жұмыстарын жүргізу, оның ішінде  науқастың қауіпсіздігі туралы, препараттардың контрафакты  болуы туралы, полипрогмазия және т.б.  түсіндіру   
  9. Нақты бәсекелестік жағдайында қалыптасқан денсаулық сақтау - қоғамдық жекеменшік серіктестігін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру .
  10. ВОП қызметін  одан әрі дамыту, медбикелердің мүмкіндіктерін кеңейту, психологиялық және әлеуметтік қызметті дамыту.

    12.  Мобилді медицинаны одан әрі дамыту.

Құрметті әріптестер!
Аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолында біздің алдымызда әлі талай міндеттер тұр. Оларды іске асыруға бізге барлық жағдайлар жасалган.
Елбасының Жолдауында атап корсетілген мақсаттарға жету үшін ауданымыздың 2 мыңнан аса медицина қызметкерлері аянбай еңбек етеді деп сендіреміз.  

Тыңдағандарыңызға рахмет!