Енбекшіқазақ ауданы.Есік қаласы.Орталық аурухана.
 Медицина саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің аудан халқымен

2015 жылғы жүргізген жұмыстары жайлы

 

Арнайы әлеуметтік қызметтер-бұл өмірінде қиын жағдайларға душар болған тұлғаны немесе от басын әлеуметтік қызметкер қамтамасыз ететін,туындаған еуметтік мәселелерді жеңу үшін жағдай жасайтын және олардың қоғамдық  өмірге араласуы үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндік жасауға бағытталған қызметтер кешені. Арнайы әлеуметтік- медициналық-психологиялық қызмет көрсету үшін 2011 жылғы қаңтар айынан бастап денсаулық сақтау мекемелерінің штаттарына әлеуметтік қызметкерлермен психологтар енгізілді. Нормативтік-құқықтық базаға сай: Еңбекшіқазақ аудандық емханасында:

 

- «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008жылғы 29 желтоқсандағы .№114-IV Заңы,

 

- »Денсаулық саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптар және оларды аттестаттау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы №134бұйрығы,

 

Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметтер стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау минстрінің 2009 жылғы 30 қазандағы  № 630 бұйрығы

 

-«Денсаулық сақтау саласының қызметкерлер лауазымдарының Біліктілік мінездемелерін бекіту туралы» ҚР ДСМ 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 бұйрығы

 

-2009жылғы 10 қарашадағы №689»Көтермелеу салалық жүйесінің кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 қазандағы №693 бұйрығы 
Денсаулық Сақтау минстрлігімен ҚР ДСМ 2011 жылғы 20 желтоқсанда №907 бұйрығымен бекітілген » Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкердің қызметін ұйымдастыру»  әдістемелік ұсыныстарын басшылыққа ала отырып Есік қаласы, Есік және Шелек аумақтары бойынша халыққа әлеуметтік-медициналық және әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсетілуде. Әлеуметтік қызметкерлерге  біліктілік талаптарға сәйкес денсаулық саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің міндеттемелері екі категорияға бөлінеді.
-арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөнін-дегі әлеуметтік қызметкер/ жоғарғы білімді/

 -үйде қызмет көрсеттетін әлеуметтік қызметкерлер/орта білімді/
Емханада ҚР ДСМ-нің 2011 жыл 20 желтоқсандағы №907 бұйрығы негізінде әлеуметтік қызметкерлерге арнайы жабдықталған бөлме бар.    Әлеуметтік қызметкер:Л.Қ.Қасымова   -білімі жоғары,жоғарғы санаттағы  педагог,әлеуметтік   жұмыс жөніндегі  координатор қызметін атқарады.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық емхана бойынша17 психологтар мен 29 әлеуметтік қызметкерлері халыққа медициналық- әлеуметтік көмек қызметін қарт жастағы адамдарды қосқанда ,аурудың созылмалы түрлері бар адамдардың қатынау санын азайтуға мүмкіндік беретін қорытынды нәтижеге қол жеткізуге бағдарланған жұмыстар жүргізуде.

 

 

 

 

 

Әлеуметтік қорғауға қәзіргі таңда мүгедектер ерекеше мұқтаж болып отыр.Мүгедек -тіршілік әрекеті шектелгендіктен әлеуметтік қорғауды қажет ететін,денсаулығында кемістігі бар тұлға. Осындай мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекетіміз қазіргі таңда айрықша назар аударып,қамқорлық көрсетіп отыр.

 

 

 

 

Аудан бойынша қимыл-,есту,көру,ақыл-ой дамуларында ауытқушылықтары бар мүмкіндігі шектеулі 859 адам болса,оның ішінде 528-і балалар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтындар 676 болса оның 61бала,0-жастан 3-жасқа дейінгі скрининг тобындағы 17 бала, 30 ата-анасыз жетім балаларға арнаулы әлеуметтік –медициналық жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

Қазақстан Республикасының денсаулық саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»Мемлекеттік Бағдарламасының басымды бағыттарының бірі «Туберкулезді тоқтату!» 2012 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданының медициналық мекемесінде өкпе ауруына шалдыққан пациентермен әлеуметтік –медициналық –психологиалық іс –шараларды жүргізудің топтық қолдау мектебі « Адам –адамға дос » деп аталып,ондағы топтық әлеуметтік –психологиялық сабақтарды аудандық емхананың әлеуметтік қызметкерлер координаторы Лаззат Қапасқызы Қасымова жүргізіп келеді.Мекеме басшысы Болат Рысбайұлы Балақойшиевтың бұйрығымен,оған барлық участкелік дәрігерлер,медбикелер, әлеуметтік қызметкерлермен қоса химизаторларда қамтылып елді мекендегі есепке алынған пациенттермен жан –жақты іс-шаралар жүзеге асуда.

 

 

 

 

Облыстық денсаулық сақтау Басқармасының және Алматы облыс әкімінің 08.01.2015.№32-2-58/35тапсырысы негізінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен оған теңестірілген ардагерерлермен,мүгедектермен жан-жақты жұмыстар жүргізіліп,әліде жұмыстар жалғасын табуда.

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: әлеуметтік қызметкер Л.К.Қасымова
03.11.2015 жыл